Нау 29, 2021 14:56 Asia/Almaty
  • Ирандық фильм «Оксфорд» кинофестивалінде жүлдеге ие болды

«Қоңырау» атты қысқа метражды фильм АҚШ-тың «Оксфорд» он сегізінші кинофестивалінде ең үздік қысқа метражды фильм жүлдесін жеңіп алды.

АҚШ-тың «Оксфорд» атты он сегізінші кинофестивалі дүйсенбі күні үздіктерді таныстырумен аяқталды.

Навид Никхаһ Азадтың режиссерлігімен түсірілген «Қоңырау» атты қысқа метражды фильм АҚШ-та «Оксфорд» он сегізінші  кинофестивалінің халықаралық жарыс бөлімінде алғаш рет көрсетіліп, ең үздік қысқа метражды фильм жүлдесіне ие болды.

«Қоңырау» фильмі халықаралық сахнада алғаш рет көрсетіліп, Канаданың «Living Skies» 33-ші студенттік кинофестивалінде ең үздік актер жүлдесіне ие болды. Ал жуырда Чилидің «Cine Lebu» атты 21-ші кинофестивалінің халықаралық жарыс бөлімінде Оскар жүлдесіне ұсынылатын туындылар қатарында көрсетілді.  

Тегтер