Сәу 10, 2021 14:52 Asia/Almaty
  • Алексей Шило: Суэц каналынан гөрі жүкті солтүстік-оңтүстік дәлізі арқылы тасымалдау жылдамырақ

Ресей мемлекеттік теміржол компаниясы басшысының орынбасары: «Суэц каналынан гөрі Парсы шығанағы аймағындағы елдерден жүкті солтүстік-оңтүстік дәлізі арқылы тасымалдау екі есе жылдамырақ»,- деп жариялады.

 

Алексей Шило жұма күні: «Парсы шығанағы елдері мен Еуропа арасындағы жүктерді Суэц каналы арқылы тасмалдағанша солтүстік-оңтүстік халықаралық транзиттік дәлізі арқылы тасымалдау екі есе жылдамырақ жүзеге асырылады. Ресейлік секторға келетін болсақ, Еуропа мен Азия елдері арасында тауарларды Каспий теңізі мен жағалауындағы бірнеше Ресей порттары арқылы тасымалдауға болады»,- деді. Шило сөзінің жалғасында: «Солтүстік-оңтүстік дәлізі теміржол көлігі саласында Рашт - Астара (Иран) мен Астара (Әзірбайжан) арасында теміржол қатынасы жетіспейді»,- деп ескертті. Оның айтуынша, Ресейдің мемлекеттік теміржол компаниясының инвестициялық бағдарламасында Әзірбайжан шекарасынан Ресей темір жолын жаңартуға арналған қаржылық ресурстар бар.

Солтүстік-Оңтүстік дәлізі - Шығыс жарты шарда Үндістаннан басталып, Иран мен Ресей арқылы солтүстік Еуропа елдеріне дейін созылатын стратегиялық жол.

 

Тегтер