Сәу 10, 2021 20:25 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары; 80 миллион ирандықтың өміріне санкциялардың жойқын әсері туралы жан-жақты есеп дайындау қажеттілігі

Біржақты және заңсыз санкциялар АҚШ сыртқы саясатындағы қысым құралдарының біріне айналды.

 

Коронавирус дағдарысының басталуымен АҚШ-тың санкциялары бұл салаға да таралды. Осы кезде Иран коронавирустың таралуының төртінші толқынымен бетпе-бет келуде. Өлім қаупі бар коронавируске қасры тұру саласындағы айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, санкциялар мен вакцина мен фармацевтикалық заттарды сатып алу кезіндегі кедергілердің   салдары Иранның денсаулық сақтау жүйесіне проблемалар тудырды. Бұл әрекеттер адамның өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы, медициналық көмекке қол жеткізу құқығы, тамақ пен дәрі-дәрмек алу құқығы сияқты адамның негізгі құқықтарын өрескел бұзу болып саналады. Бұл жағдайлар адам құқықтары туралы көптеген құжаттарда бірнеше рет атап көрсетілді.  Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 25-бабына сәйкес: «Әр адам өзінің және отбасы мүшелерінің денсаулығын әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей, тамақты, киімді, баспананы, медициналық күтімді қамтитын өмір сүру деңгейіне құқылы».   

Заңсыз санкциялар қолдану арқылы қойылған шектеулер дәрі-дәрмектер мен маңызды медициналық құрал-жабдықтардың импортына айтарлықтай әсер етіп, Иран халқының денсаулығына елеулі дағдарыс әкелді. АҚШ бұл адамгершілікке жат қылықтарына байланысты жұма күні Иранның Еуроодақтағы өкілдігі коронавирус пандемиясы және АҚШ-тың біржақты және заңсыз санкцияларына сілтеме жасап: «Өткен жылы Иран халқы коронавирус індетінің тез таралуымен бетпе-бет келген жағдайда АҚШ-тың заңсыз санкцияларына байланысты шетелдік банктердегі инвестицияларының бұғатталуының куәсі болды»,- деп жариялады..  

 Халықтың медицина мен денсаулық сақтау саласындағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету және экономикасын нығайту үшін Иран Халықаралық валюта қорынан несие сұрады, бірақ АҚШ-тың кедергісіне тап болып, нәтижесіз аяқталды. АҚШ шенеуніктері бірнеше рет «дәрі-дәрмек пен медициналық жабдыққа санкциялар кірмейді» деп  жарялағанымен, санкциялардың жаңа кезеңі басталып, Иранның қаржы және банкілік қатынасы шектеулермен кезіккен екі жылдан бері санкциялардың дәрі-дәрмек өнеркісібі мен оларды импорттауға үлкен әсерін тигізетіні анықталды. Ирандық науқатар мен олардың отбасылары шынайы дағдарыстармен бетпе-бет келді. ирандық гемофилиямен ауыратын науқастардың Өткен жылы көрген зардаптары сондай болғандықтан, Иранның гемофилия орталығы Дүниежүзілік гемофилия федерациясына хат жазу шешім қабылдады.

Әсіресе пандемия кезіндегі заңсыз санкциялар мен әрекеттер, іс жүзінде адамзатқа қарсы геноцидтің мысалдары болып табылады. Иранның Еуроодақтағы өкілдігінің АҚШ-тың заңсыз санкцияларының 80 миллионнан астам ирандықтардың өміріне тигізген салдарлары туралы есеп беруді талап етуі Батыстың адам құқықтарын екі жақты еске түсіреді. Тіпті соғыстарда халықтың, балалардың, қарттар мен науқастардың денсаулығына қауіп төнбеуі үшін да қарастырған жөн.