Сәу 12, 2021 17:14 Asia/Almaty
  • Ресей ғарышқа қару орналастырудың алдын алу үшін халықаралық келіссөз жүргізілуін талап етті

Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеудің ғарышқа қару орналастырудың алдын алу үшін халықаралық келіссөз жүргізілуін талап етіп отырғанын қуаттады.

Сергей Лавров адамның алғаш рет ғарышға ұшқанына 60 жыл толуына орай жасаған мәлімдемесінде: "Мәскеу ғарыш кеңістігінде қару орналастырудың алдын алуға міндеттейтін заңды құжаттың алғынұсқасын дайындау туралы халықаралық келіссөздің басталуын қолдайды және осындау келіссөздердің өткізілуін қалайды",-деп қуаттады.

Лавров: "Мәскеудің ұстанымы бойынша, ғарышта қару-жарақ бәсекесіне тыйым салу ғана ғарыш кеңістігін адамзат баласының мүддесіне сай сындарлы мақсаттарға пайдалануға мұрсат береді",-деді.  

60 жыл бұрын 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин адамзат тарихында алғаш рет "Восток" кемесімен ғарышқа ұшты. Сапар 106 минутқа созылды.   

Тегтер