Сәу 16, 2021 15:31 Asia/Almaty

Иранның «Естеқлал» футбол командасы жұма күні таңертең Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында Сауд Арабиясының «әл-Аһли» командасын 5:0 есебімен жеңді.

«Естеқлал» футбол командасы Азия чемпиондар лигасының С тобындағы алғашқы кездесуінде Сауд Арабиясының «әл-Аһли» командасымен ойнап, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Афшин Исмаили ойынның 6-шы минутында, Мұхаммад Надери 55-ші минутында, Мехди Қаеди 67-ші және 86-шы минуттарында және Шейх Диабата 89-шы минутта саудиялық команданың қақпасына гол салды.

«Естеқлал» футбол командасы жексенбі күні Азия чемпиондар лигасының С тобындағы екінші кездесуінде Катардың «әд-Даһир» командасымен ойнайды.