Сәу 20, 2021 18:04 Asia/Almaty
  • Боррель: Украинаның шекарасында 150 000 ресейлік әскер орналасты

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозепп Боррель «Украинаның шекарасында 150 000 ресейлік әскер орналасты» деген уәж айтып: «Шиеленістің арту қауіпі анық»,- деді.

Жозепп Боррель: «Шиеленістің қаупінің артуы айқын, Украина мен Қырым шекарасында 150 мыңнан астам ресейлік әскер орналасты»,- деді.

Өткен аптада украиналықтар Ресейді ортақ шекара маңына әскери күштерін орналастырды деп айыптап: «Ресей қолдап отырған сепаратистер Украинаның шығысындағы атысты тоқтату режимін жүйелі түрде бұзып отырды»,- деп мәлімдеді. Жақында Киев АҚШ-тың жүздеген миллион долларлық әскери көмегін, оның ішінде бронды машиналар, дрондар мен танкке қарсы зымырандарды алып, оларды Ресей шекарасына жақын жерде орналастыруда.

 

Тегтер