Сәу 23, 2021 19:11 Asia/Almaty

АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі бейсенбі күні таңертең өткен баспасөз отырысында АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы құрамынан шықпауына жазбаша кепілдік болмайтынын айтты.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің веб-сайтының хабарлауынша, АҚШ-тың аға дипломаты Вашингтонның Иранмен ядролық келісімді сақтауға кепілдік беру мүмкіндігі туралы сұраққа: «Жазбаша кепілдікке келетін болсақ, менің ойымша, ондай кепілдік жоқ екендігі түсінікті»,- деп жауап берді. Аты-жөнін айтқысы келмеген АҚШ Мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды адамы сұрақтарға жауап беріп: «Егер Байден үкіметі Иранмен және 4+1 тобының басқа мүшелерімен ортақ түсіністікке жетіп: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуға шешім қабылдаса, бұл адал ниетті болады және себепсіз келісімнен шықпайды. Бірақ кепілдік деген ұғым жоқ»,- деді. АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ядролық келісімінен қайтадан шығу ықтималын қайтадан қуаттауы Вашингтонның халықаралық келісімдерді сақтамау көзқарасының жалғасының белгісі. Трамп үкіметі 2018 жылдың мамыр айында АҚШ-тың Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарына сәйкес міндеттемесін мүлдем елемей, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықты және  Иранды өзінің заңсыз талаптарын қабылдауға мәжбүр ету үшін Теһранға қарсы мейілінше қысым жасау сасатының аясында бұрын-соңды болмаған санкцияларды енгізді. Алайда, Трамп үкіметінің саясаты сәтсіздікке ұшырады. Енді Байден үкіметі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуы туралы уәжденіп, аталмыш келісімге оралу жолын анықтау үшін Иранмен екіжақты келіссөздер жүргізуді талап етуде. Алайда, Вашингтон «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралса да, оның сақталуына кепілдік жоқ екенін қуаттады. Мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды шенеунігі баса назар аударған тағы бір мәселе – АҚШ тек «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесі шешілген жағдайда санкцияларды алып тастау туралы  сұхбат жүргізеді. Расында, Байден үкіметі санкцияларды шешілетін, келісілетін және қайтарылмайтын деп бөліп,  тіпті егер Иран өз міндеттемелерін орындауға толық оралса да, санкциялардың бірінші санатын алып тастауын қуаттады.  

 

Тегтер