Сәу 25, 2021 19:07 Asia/Almaty
  • Қарабақта Түркия мен Әзірбайжанға қарсылар жиналды

Түркия мен Әзірбайжанға қарсы «24 сәуір» тобы кеше армяндар қырылған күнімен бір мезгілде Қарабақтың орталығы Ханкендиге жиналып, Баку мен Анкара үкіметтеріне қарсы ұрандар айтумен қоса, осы екі елдің туларын өртеп, соңғы соғыста Әзірбайжанның армян жерлерін басып алғанына ашу-ыза білдірді.

«Каинат» ақпараттық-сараптамалық орталықтың хабарлауынша,  Ханкендиде жаңа салынған шіркеуден басталған бұл шеруде наразылар әлемдік қауымдастық және Түркия мен Әзірбайжан үкіметтерінен армян геноцидін ресми түрде тануды талап етті.

24 сәуір – армяндардың Осман империясы тарапынан қырылған күні. Армяндар мұны геноцид деп атайды.  

Тегтер