Maм 04, 2021 16:37 Asia/Almaty

Қырғыздар Тәжікстанға қарсы кең ауқымды соғысқа дайындалуда және соғыс отын тұтандыру үшін бір оқ жеткілікті.

Тәжікстан Бас прокуратурасы өз мәлімдемесінде қырғыз күштері жасаған шабуылдарда көптеген адамның қаза тауып, ондаған адамның жараланғанына тоқталып: «Шабуылдардан көптеген адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Көптеген үйлер, шекара бекеттері және басқа да инфрақұрылым өртенді»,- деп мәлімдеді. Тәжік дереккөздері: «Қырғыз шекарашыларын қоса алғанда 200 адамнан тұратын топ бейсенбіде Тәжікстан азаматтарына тас лақтырып, содан кейін Исфара шекара бекеті маңында жергілікті басшыларына қарай оқ атты»,- деп хабарлады. Тәжікстан   қырғыз шекарашыларының әрекетін қақтығысты бастауға себеп деп бағалады. Тәжікстан прокуратурасы оқиғаға байланысты анықтау жұмыстарын бастады. Қырғызстан зорлық-зомбылықтан кем дегенде 36 адамның қаза тауып, 183-тен астам адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

Айта кететін жәйт, Тәжікстан мен Қырғызстан басшылары өткен жексенбіде шекара аймағында атысты тоқтату туралы келісімге келді. Тәжікстанның Қырғызстанмен шекарасына бақылау камераларын орнатуы қырғыз шекарашыларының наразылығына және екі жақтың атыс-шабысына байланысты бейсенбі күні тоқтатылды.

 

 

Тегтер