Maм 09, 2021 18:10 Asia/Almaty

ИИР-ның Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі Кабулдағы қыздар мектебінің алдында болған жарылысты айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ибрахим Тахериан Кабулдағы қыздар мектебінде болған лаңкестік шабуылды айыптап: «Ауғанстанда бейбітшілік пен қауіпсіздік  орнату тек осы елдегі барлық ауған топтардың өзара түсіністігі арқасында мүмкін болмақ»,-деді.

Тахериан жақын арада Ауғанстанда соғыс пен қақтығыстардың тоқтатылғанына куә болып, ислам үмбеті мен Ауғанстан халқы Рамазан айында мұндай ауыр оқиғалар мен қиындықтарды көрмейтініне үміттенеміз.

Сенбі күні Кабулдың батысындағы «Сейед уд-Шоһада» мектебіне қарсы жерде болған жарылыста ондаған адам қаза тауып, жараланды. Олардың көбі – оқушылар.