Maм 14, 2021 19:23 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстанға 5,3 млрд доллар инвестиция салады

Иранның Жол және қала құрылысы министрінің Ауғанстан істері жөніндегі кеңесшісі осы елге 5,3 млрд доллар инвестиция салу туралы алғашқы келісім жасалғанын хабарлады.

Миршафии: «Қазіргі таңда Ауғанстанда абадтандыру және инфрақұрылымдық жобаларды орындап, техникалық-инженерлік қызмет көрсету үшін 5,3 млрд доллар инвестиция салуға келісім жасалды»,-деді.

Миршафии: «Бұл істің егжей-тегжейі Ауғанстанда жұмыс істейтін компаниялармен келіссөздерде қарастырылып жатыр»,-деді.

Ол: «Тұрғын үй салу, Герат – Мазари-Шариф темір жолын аяқтау және тас жол тасымалы – Иранның Ауғанстанда инвестиция салатын маңызды жобалары»,-деп мәлімдеді.

Тегтер