Маусым 11, 2021 18:37 Asia/Almaty
  • Армения мен Әзірбайжан шекарасында атысты тоқтату бітімі бұзылды

Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі армян әскерилерін шекаралық ауданда атысты тоқтату бітімін бұзды деп айыптады.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, армян сарбаздары бейсенбі күні кешке Армениямен шекара маңындағы Кельбаджар ауданында орналасқан әзірбайжан сарбаздарына оқ атты.

Армения басшылары әлі күнге дейін бұл мәлімдемеге реакция білдірмеді.

Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыс 2020 жылы 27 қыркүйекте  Қарабақ аймағында басталды. Ақырында екі жақтан да бірқатар адам қаза тауып, жараланғаннан кейін 2020 жылы 10 қарашада Ресейдің араағайындығымен келісімге қол қоюмен аяқталды.

Армения мен Әзірбайжан арасында 2020 жылы 10 қарашада қол қойылған бейбітшілік келісіміне сәйкес, Қарабақ аймағының кейбір аудандары Әзірбайжанға берілді.

Тегтер