Маусым 12, 2021 20:07 Asia/Almaty
  • Иран халқына қарсы экономикалық терроризмді тоқтату - Вашингтон үшін үлкен сынақ

АҚШ біржақты, заңсыз және залым санкцияларын алып тастамай, Иран халқына қарсы экономикалық терроризм болған Дональд Трамптың барынша қысым көрсету сәтсіз саясатын жалғастыруда.

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи Қауіпсіздік Кеңесінің жылдық есебін қарау үшін жиналған БҰҰ Бас ассамблеясының жұма күнгі отырысында Байден үкіметін сәтсіздікке ұшыраған барыншы қысым көрсету саясатты жалғастыруын сынап, Иран халқына қарсы экономикалық терроризмді тоқтатуды Вашингтон үшін үлкен сынақ деп тапты.  БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі: «Венада өтіп жатқан ядролық келіссөздер АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуға деген шынайы саяси ерік-жігерін бағалаудың алғашқы қадамы болғанымен, ол АҚШ-тың жолын өзгертіп, барынша қысым көрсету саясаттан бас тартып, Иранға қарсы экономикалық терроризмін тоқтатқанын тексеруден кейін ғана анықталады»,- деді.   

Иранның ББҰ-дағы тұрақты өкілінің АҚШ-тың жойқын саясатына және әрекеттерінің өзгеруін тексеру қажеттілігіне сілтеме жасауы екі тұрғыдан маңызды. Біріншіден, бұл саясаттар Иран халқының алға басуы, экономикасы мен дамуы және денсаулығына жойқын әсерін тигізеді. Екіншіден, АҚШ саясатының салдары халықаралық қоғамдастықтың халықаралық қатынастары мен құқықтың тетіктеріне  үлкен зиян келтіреді.

АҚШ-тың, әсіресе Трамп президенттігі кезіндегі әрекеттеріне жасаған шолу, Трамп үкіметінің АҚШ және әлемнің қазіргі заманғы тарихындағы жауапсыздықтың және АҚШ пен әлемдік қоғамдағы құндылықтарға немқұрайдылық білдіруінің ең жоғары деңгейіне жеткенін көрсетті.

2020 жылдың 3 қаңтарда Ирак үкіметінің ресми шақыруымен   Бағдадқа аттанған Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Қасем Солейманиге қастандық жасау - АҚШ-тың  аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қарсы төніп тұрған қауіптің мысалы. Көпжақты міндеттемелерді бұзу туралы мәселеде АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу арқылы Иранға қарсы аймақтық ортаны тарылту және Иран қоғамын ыдырату мақстапен экономикалық қысымды арттыру стратегиясымен алға жылжуға талпынды. БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Алена Духан және адам құқығы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тәуелсіз сарапшы Обиору Окафор АҚШ-тың әрекеттері туралы баяндамасында: «АҚШ Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық нормаларды бұзды»,- деді.  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі осы заңсыздықтар мен нормаларды бұзған әрекеттерге қарсы үнсіз қалды.