Маусым 13, 2021 17:44 Asia/Almaty
  • G7 тобы кедей елдерге коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуы үшін қаржы бөлуге қарсылық білдірді

Əлемде COVID-19 таралып, түрлі елдерде, əсіресе кедей елдерде күн сайын көп адам көз жұмып жатқанда вакцинаға қолжетімсізділік және оны əділетсіз бөлу көп елдерде жағдайды ушықтырып жіберді.

Жаңа шарада G7 тобына мүше елдердің басшылары кедей елдерде вакцина тапшылығын жою үшін арнайы бюджет бөлу өтінішіне қарсылық білдірді. 

Əлемнің бай елдерінің басшылары қатысқан G7 тобы отырысында COVID-19 пандемиясы басты тақырып болды. Қатысушылар кедей елдерді вакцинаның тиісті дозасымен қамтамасыз ету, əлсізірек елдерге бюджет бөліп, қаржылай көмек көрсету туралы сұхбаттасады деп күтілген болатын, алайда олар тек əлемдегі кедей елдерге 1 млрд вакцина дозасын беру жайлы сөз қозғады. Оның 200 млн дозасы 2021 жылдың аяғына дейін кедей елдерге тапсырылды.  

The Independent газеті осы жөнінде: "Ең бай елдер қаржы бөлу туралы мүлде сөйлеспеді. Оның орнына вакцина дозасының санына көңіл бөлді. Ол жалпы қажетті дозаның 10 пайызынан азын ғана құрайды. 

Отырыс басталар алдында бір президент, премьер-министр мен бұрынғы сыртқы істер министрі осы топқа мүше елдер үкіметтерінен COVID-19-ға қарсы жаһандық вакцинацияның құнын төлеп, коронавирустың одан ары өршіп, оның қайта бір халықаралық қауіпке айналуының алдын алуға көмектесуді сұрады. Олар отырысқа қатысушылардан əлемнің түкпір-түкпірінде коронавируспен күресу үшін 2 жылға шамамен 30 млрд доллар бөлуді сұрады.

Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша əлемде 170 млн-нан аса адам вирус жұқтырған. Олардың ішінде шамамен 3 млн 750 мың адам көз жұмды. Бұл жағдай кедей елдер, əсіресе вакцинаға қол жеткізе алмай отырған Африка елдерінде ушығып барады. 

Африканың аурулардың алдын алу және бақылау орталығының директоры Джон Нкенгасонг осы жөнінде: "Бұл құрлық COVID-19-ға қарсы вакцина сатып алуға қатысты тығырыққа тірелді. Бұл мəселе құрлықтағы кейбір елдерде вакцинация жасау үдерісіне əсер етеді. 

Ал бұл жағдайда елдердің көбі тіпті вакцина сатып алуға бюджет бөлгенімен оны сатып ала алмады. Шын мәнінде АҚШ пен Еуропа елдері қаржылай көмек көрсету былай тұрсын, вакцина дозасы артылып жатса да, оны экспорттағысы келмейді. 

Дүниежүзілік сауда ұйымының басшысы елдердің экономикалық əл-ауқаттының жақсаруы  COVID-19-ға қарсы вакцинация жобаларын ілгерілету деңгейіне тікелей байланысты екенін айтып, коронавирустан кейінгі кезеңде Латын Америкасы мен Африка елдерінің экономика тұрғысынан артта қалуы ықтимал екенін ескертті. 

COVID-19 тек əлемдік əріптестік пен елдердің бір-біріне көмектесуінің арқасында бақылауға алынады. Қазіргі үдеріс жалғасатын болса, оның салдары барлық елдерге зиян тигізеді. Əлемде кедейлік пен жұмыссыздықты арттыратын ауыр экономикалық жағдай келешекте дағдарыстардың туындауына əкеліп соқтырады. Бұл жағдайдың өзгеруі əлемдік əріптестік пен тілеулестікке, бай елдердің кедей елдерге қаржылай көмек көрсетіп,  вакцина дозасын жеткізуіне тікелей байланысты. 

Тегтер