Маусым 23, 2021 20:03 Asia/Almaty
  • Адам құқықтары жөніндегі кеңестің қырық жетінші сессиясы; Батыстың адам құқығына қатысты екіжүзділігін қайталау

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі өзінің қырық жетінші сессиясында алдын-ала жасалған күн тәртібі бойынша Иранға қарсы толығымен саяси және біржақты есеп жариялады.

 

БҰҰ-ның қарамағындағы Женевадағы ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі әрі елшісі Исмаил Бақаи Хамане: «АҚШ пен оның қолдаушыларының Вашингтонның біржақты әрекеттерін іске асырады, сондықтан оларды бұзуына жауап беруге дайын болуы керек. Иран барлық елдерді адам құқығы мәселелерінде және екіжүзді стандарттар мен саяси жұмыстарды жоюда әмбебаптық, бейтараптық   принциптерін ұстануға шақырады»,- деді.

Канада, Австралия, Ұлыбритания, Дания, АҚШ, Германия және Франция сияқты кейбір үкіметтер адам құқығы туралы сөздерін, өз елдерінде азаматтық наразылық білдірушілерді басып-жаншу, қара нәсілділерді өлтіру, олардың құқықтарын бұзу, азшылықтар, әсіресе мұсылмандарды қорлау, Еуроодақтың ішінде имигранттарға қысым көрсету және тұтқындарға азап-қорлық көрсету, сондай-ақ заңды бұзу болып жатқанда айтуда. Мұндай ұстаным Батыста адам құқығы мәселесінің саяси мақсаттар мен олардың мүддесіне байланысты екенін көрсетеді. Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы соңғы есебінде екі мәселе айқын көрінеді. Біріншіден, Батыстағы адам құқықтарының қайшылықтары мен екіжүзділігі. Есеп алдын-ала белгіленген мақсаттарға жету саласындағы дұшпандылық әрекеттердің бір бөлігі болып табылады және адам құқықтарын қорғауға ешқандай көмектесе алмайды. Екіншіден, Батыстың адам құқығын сылтауратып, саяси мақсаттарын жасыруы анықталды. Саяси мәселелер сарапшысы Парса Джафари «Еуропаның ИИР-на қатысты дуализмі» мақаласында: «Адам құқығы, егер олар саяси, екіжүзді қаралмаса, жеке адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға болатын мәселелердің қатарына жатады. Бірақ біз қазіргі әлемде мұндай тәсілді көре алмаймыз, ал державалар адам құқығының мәртебесін құрал ретінде пайдалану арқылы қатты төмендетіп жіберді»,- деп жазды. Бұл үкіметтер шындықты жазатын тәуелсіз ақпарат құралдар қызметіне тіпті төзбейді. Осыған байланысты бірнеше медиа желілердің, оның ішінде «Al-Alam», «Press TV», «Al-Kawthar» және «Al-Masira» веб-сайтының доменін жабу болып табылады.  Ирандағы адам құқықтарының ахуалы туралы айыптаулар - қоғамдық пікірді басқа бағытқа бұру әрекеті, бұл Адам құқықтары жөніндегі кеңестің сенімсіздігін күшейтуі мүмкін. Иран адам құқықтарының шынайы стандарттарына сенеді және оларды қолдайды және осы тұрғыда адам құқықтарын қорғау мен алға жылжытуға толықтай дайын және өзінің халықаралық міндеттемелерін құрметтейді.   Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 47-сессиясында  Иран делегациясы Адам құқықтары комитетіне Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы өзінің төртінші ұлттық есебін ұсынды.

 

 

 

 

 

 

Тегтер