Маусым 24, 2021 17:53 Asia/Almaty
  • Венесуэла Президенті  Раисимен телефон арқылы сөйлесті

Венесуэла Президенті Иранның сайланған Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, жаһандық империализмге қарсы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту керектігіне тоқталды.

 

Fars News агенттігінің хабарлауынша,  Николас Мадуро  ИИР-ның сайланған президенті Сейед Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлескеннен кейін бұл жаңалықты өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында: «Біз әлемдік империализмнің милитаризміне қарсы ортақ күресті ілгерілету үшін бауырластық қатынастарымызды және ынтымақтастықты нығайтуға келістік»,- деп жазды. Бұған дейін Мадуро  Раисиді Ирандағы президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, Теһран мен Каракас арасындағы қатынастарды тереңдетуге шақырған.