Шіл 26, 2021 17:17 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық темір жолы әлемдік тіркеуден өтті

Кеше UNESCO-ның әлемдік мұра комитетінің 44-ші отырысында «Иранның ұлттық темір жолы» ісі қаралды.

Комитет мүшелерінің қабылдауымен шамамен 1400 шақырымнан тұратын Иранның ұлттық темір жолы 25-ші сезілетін мәдени мұра және Иранның алғашқы өнеркәсіп мұрасы ретінде UNESCO-ның жаһандық тізіміне тіркелді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранда темір жол салып, қолданысқа беру тарихы 1848 жылы Қажарлар заманынан басталады. Темір жол Иранның солтүстігіндегі Решттен Пирбазар және Анзали айлақтарына тартылған. Бұл желінің қалдығын әлі күнге дейін Решттен Пирбазарға бара жатқан жолдан көруге болады. Ал бір бумен жүретін локомотив Гилян облысының айлақтары басқармасында сақталып тұр.