Шіл 26, 2021 18:28 Asia/Almaty
  • Фаучи: АҚШ коронавирустың Дельта штаммымен күресіп жатыр

АҚШ-тың Аллергия және жұқпалы аурулар ұйымының басшысы елде коронавирустың Дельта штаммының таралуы арта түсіп, үкімет дағдарысқа ұшырап отырғанын хабарлады. ​

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Энтони Фаучи жексенбі күні кешке: «АҚШ-та америкалықтардың көбі вакцинацияланбағына байланысты коронавирустың Дельта штаммына шалдыққандар саны артты»,-деді.

Фаучи, сондай-ақ, АҚШ азаматтарының бетпеде тақпауы және медициналық протоколдарды сақтамауын сынады.

Жаңа статистикаға сәйкес, АҚШ-та коронавирус салдарынан 626713 адам қаза тапты. Бұл – әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш. Одан кейін Бразилияда індеттен 549500 адам, Үндістанда 420585 адам көз жұмды.

Тегтер