Шіл 27, 2021 21:12 Asia/Almaty

ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хұсейн Ханзади мен Ресей теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Николай Евменов Санкт-Петербург айлағында кездесіп, теңіз ынтымақтастығын дамытып, кеңейтудің жолдарын талқылады.

Қорғаныс және қауіпсіздік қарым-қатынасты жан-жақты нығайту мақсатында ортақ шаралар атқару, ортақ теңіз жаттығуларын өткізу, әлемнің стратегиялық аймақтарында екі елдің теңіз флотилияларын арттыру, екі елге ортақ қауіп-қатерлермен күресу үшін көбірек әрекеттестік жасау – осының барлығы Иран мен Ресей теңіз күштерінің қолбасшылары сұхбатының басты өзегі болды.

Бұл кездесу Ресей флотының құрылғанына 325 жыл толуына орай ИИР армиясы теңіз күштерінің 77-ші кемелер тобының Санкт-Петербург парадына қатысуы аясында жүзеге асырылды.

ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы осы рәсімге арнайы қонақ ретінде қатысты.  

Ресейдегі теңіз парадына қатысқан теңіз күштерінің арасында ең мықтысы Иран делегациясы болды. Иранның "Микран" мен "Саханд" кемелері осы ірі парадқа қатысты.

Сарапшылар мен стратегиялық зерттеу институттары тұрғысынан осы деңгейдегі әскери ынтымақтастық ерекше мағынаға ие.

"Табиин" стратегиялық институты Иран теңіз күштерінің күш-қабілеті мен әлеуеттерін сараптай келіп, 1398 жылы 6 дейде (екі жыл бұрын) Үнді мұхитының солтүстігі мен Оман теңізінде Иран, Ресей мен Қытай арасында өткен ортақ әскери жаттығуға тоқталып: "Бұл ынтымақтастық "қорғаныс саласындағы реализм" теориясы негізінде талдана алады. Осы теория бойынша бір ел басқа елдерге қауіп-қатер төндіруге талпыныс жасаған жағдайда ана елдер өз күштері мен әлеуеттерін біріктіріп, бастапқы қатерге жауап бере алады. Шын мәнінде сол қатерді тежейтін қуат тудыра алады. АҚШ тарапынан аймаққа жасалған қоқан-лоққылардың бірі ретінде америкалық әскери күштердің Иранның географиялық шекаралары айналасында орналасуын айтуға боалды",-деп жазды.

Иран мен Ресей теңіз күштері қолбасшыларының кездесуі әсіресе Батыс Азия аймағында стратегиялық ынтымақтастықтардың маңыздылығын білдіреді.

Батыс Азия аймағы мен Парсы шығанағы әрдайым АҚШ үшін айрықша маңызды. Батыс Азия аймағының стратегиялық маңыздылығын баса айтатын Альфред Махан сияқты сарапшылардың пікірінше, АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әрдайым түрлі тәсілдермен осы аймаққа үстемдік етуге талпынып келеді.

ИИР АҚШ-тың халықаралық жүйеге үстемдік етуімен қарсыласуына негізделген өзінің сыртқы саясаттағы тәуелсіз қатынастар мен принциптеріне сәйкес АҚШ пен басқа Батыс елдерінің аймақтан тез арада шығуы қажеттігін баса айтып, аймақ қауіпсіздігі аймақ елдері тарапынан қамтамасыз етілуі тиіс деген мәселені талай рет көтерді.

ИИР-ның әскери-қауіпсіздік күш-қуаты бүгінде түрлі қырларда дәлелденді. Сондықтан Ресей сияқты елдер Иранға аймақтың ішкі әлеуеттеріне сүйеніп, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін сенімді серік ретінде қарайды.  

Иранның теңіз күштері осы салада ерекше орынға ие. ИИР біраз уақыттан бері "Ормуз бейбіт бастамасы" жобасын ұсынып, Парсы шығанағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көршілес елдермен әріптестік жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Ынтымақтастық пен көпқырлылыққа негізделген бұл стратегия Иранның маңызды су өткелдерінің қауіпсіздігін сақтауға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Қазіргі таңда ИИР армиясы теңіз күштерінің флоты, соның ішінде толығымен ирандық "Саханд" эсминеці мен "Микран" кемесі елдің қорғаныс және тежегіш күш-қуатын көрсету мақсатында халықаралық суларда қызмет етіп жатыр.

Бұл қарымды қызмет Иранның аймақтағы ұжымдық қауіпсіздік теңгерімінде стратегиялық орын мен рөлге ие екенін көрсетеді.  

Тегтер