Қыр 17, 2021 14:52 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Қазақстан стратегиялық экономикалық қатынастарды кеңейту үшін үлкен әлеуетке ие

ИИР Президетні Иран мен Қазақстанның өзара әрекеттестік пен бірлескен ынтымақтастық деңгейін жоғарылату үшін үлкен әлеуетінің бар екеніне тоқталып: «Бірлескен жұмыс топтары бұл мүмкіндіктерді әртүрлі секторлардағы стратегиялық қатынастар түрінде анықтап, іске асыра алады»,- деді.

Тәжікстанға сапарының екінші күні Раиси бүгін, жұма күні таңертең Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Ауғанстандағы оқиғаларды аймақтың барлық елдері үшін ортақ мәселе деп тауып: «Ауғанстанның проблемалары инклюзивті үкімет құру, елде бейбітшілік пен тұрақтылық орната алатын барлық этникалық топтар мен топтардың қатысуымен және шет мемлекеттердің Ауғанстанның істеріне араласуды тоқтатуы арқылы ғана шешіледі»,- деп мәләмдеді.

Қазақстан Президенті де бұл кездесуде елінің ИИР-мен қарым-қатынастары мен өзара әрекеттестігін әсіресе экономикалық саладағы нығайтуға мүдделі екеніне тоқталып: «Чабахар портында орналасқан байланыс және транзиттік желілер Иран мен Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланысты дамытудың орталығы бола алады»,- деді. Тоқаев сондай-ақ: «Қазақстан да Иранның пікірімен толық келіседі және барлық топтар мен этностардың қатысуымен инклюзивті үкімет құруды Ауғанстан проблемаларын шешудің жалғыз жолы деп санайды»,- деп сөзін жалғады.

 

Тегтер