Қыр 17, 2021 15:21 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері кездесті

Душанбеде 21-ші Шанхай Ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер басшыларының саммиті аясында Иран Сыртқы істер министрі Ресей Сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті.

 

 

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амір Абдуллахиан бұ кездесуде Ресеймен жан-жақты қарым-қатынастың дамуына баса назар аудара отырып, екі елдің аймақтық, әсіресе Ауғанстан  мәселелерінде  ортақ келісімге келу қажеттілігін қуаттады.  Амир Абдуллахиан Ауғанстандағы қазіргі шиелі  жағдайға сілтеме жасай отырып, мұны АҚШ-тың бұл елден жауапкершіліксіз және жанжалды түрде шығуының нәтижесі деп атап,  қазіргі жағдайға АҚШ үкіметі жауапты екенін мәлімдеді.

Кездесу кезінде Лавров   Амир Абдуллахианды қызметке тағайындалуымен құттықтады және  Мәскеуге келіп, кеңесті жалғастыруға шақырды.

 

Тегтер