Қыр 18, 2021 15:53 Asia/Almaty
  • Иран мен Тәжікстанның жоғары деңгейдегі делегациялары бірлескен отырыс өткізді

Иран мен Тәжікстанның жоғары деңгейдегі делегацияларының бірлескен отырысында екі ел арасындағы сауда-саттықты 500 миллион долларға жеткізу мақсат қойылғаны айтылды.

Сенбі күні таңертең Иран мен Тәжікстанның жоғары деңгейдегі делегацияларының бірлескен кездесуінде Сейед Ибрахим Раиси екі халықтың екі мың жылдық дінге, мәдениетке, тіл мен тарихқа сүйенген, сондай-ақ тамыры терең әрі достық қарым-қатынасына сілтеме жасап: «Иран президенті ретіндегі алғашқы шетелдік сапарым болған Тәжікстанға сапарым Теһран мен Душанбе арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың жаңа кезең болады деп үміттенемін»,- деді.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да бұл кездесуде соңғы жылдардағы екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы 160 құжатқа тоқталып: «Өкінішке орай, соңғы жылдары екі жақ арасындағы тауар айналымы 57 миллион долларға дейін төмендеді. Бірақ қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, Иран мен Тәжікстан басшыларының арасындағы байланыстар, кездесулер мен келіссөздердің жалғасуы және ұлғаюымен біз сауда-саттық  деңгейін 500 миллион долларға жеткізе аламыз»,- деп мәлімдеді.