Қыр 18, 2021 16:44 Asia/Almaty

ИИР Президенті Ауғанстанда құрылатын үкіметтің барлық тарапты қамтуы тиіс деп тауып: «Тек бір ұлт пен бір саяси топтың үкіметі мәселелерді шеше алмайды»,- деді.

Сейед Ибрахим Рейси сенбі күні Душанбеде тәжік әріптесімен кездескеннен кейін баспасөз конференциясында аймақтық ынтымақтастықты дамыту керектігін қуаттап: «Бақытымызға орай, біздің Ауғанстанға деген көзқарасымыз жақын және екеуіміз де шетелдік араласу бұл елге сансыз апаттарға әкелді және шетелдіктердің араласуын тоқтату керек деп есептейміз. Шетелдіктер ешқашан қауіпсіздікті орнатып, оны қамтамасыз ете алмады,   біз шетелдіктердің болуын және аралсуын жалғастыруды қабылдамаймыз»,- деп мәлімдеді.

Эмомәли Рахмон Ауғанстандағы соңғы оқиғалар туралы: «Біз Ауғанстанда толық бейбітшілік пен тұрақтылықтын орнатылуын қалаймыз және бұл елдегі бейбітшілік аймақтың қауіпсіздігіне кепілдік береді, сондай-ақ Ауғанстанда инклюзивті үкімет құруды осы елде тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылық орнатудың негізгі факторы деп санаймыз»,- деді.  

 

Тегтер