Қыр 19, 2021 16:23 Asia/Almaty

Иран Президенті: «Иран мен Тәжікстанның қарым-қатынасы – саяси мәселелерден жоғары шынайы терең мәдени байланыс»,-деді.

Раиси сенбі күні Тәжікстанға үш күндік сапарының соңында Куляб қаласындағы сейіт Мирәли Хамаданидың мазарын зиярат еткеннен кейін қала тұрғындарымен кездесіп: «Біз Тәжікстанмен барлық салаларда қарым-қатынасты дамытуды қалаймыз»,-деді.

Иран Президенті Тәжікстан халқының  Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейниді (р.) танитынын айтып: «Иран халқының Тәжікстан халқымен өте терең мәдени байланысы бар. Екі халық арасындағы осы мәдени байланыс – зор капитал»,-деді.

Тегтер