Қыр 19, 2021 21:56 Asia/Almaty
  • Иранның волейбол командасы Азия чемпионы атанды

Волейболдан Азия чемпионатының 21-ші кезеңі бүгін Жапонияда Иран командасының жеңісімен аяқталды.

Иран командасы финалда Жапонияны 3:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

Азия чемпионаты Жапонияның Чиба және Фунабаси қалаларында 16 волейбол команданың қатысуымен өтті.

Иран мен Жапония командалары Волейбол-2022 әлем чемпионатының финалына жол тартты.

 

Тегтер