Қыр 22, 2021 17:22 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі елдің жаңа үкіметінің нақты саясаты ел экономикасын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланыстырмау екенін қуаттады.

 

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  сейсенбі күні Нью -Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясы аясында Хұсейн Амир Абдуллахиан Германия Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен кездесуінде Иранның жаңа үкіметінің нақты саясаты ел экономикасын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланыстырмау екенін қуаттап, Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан тәуелсіз қарым -қатынас жасауға дайын екенін жариялады. Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ барлық келісімдердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келіссөздері аясында жасалғанын, сондықтан Венадағы келіссөздерінің жаңа келісім үшін емес, АҚШ-тың аталмыш келісімдегі  және № 2231 қарар бойынша қарастырылған міндеттемелеріне толық және кепілдікпен қайтуына сенімді болу үшін екенін білуі керек»,- деді.

Германия Сыртқы істер министрі кездесу барысында елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды екенін және оны сақтап қалуға және оны қайта жандандыруға бар күшін салатынын айтты.

 

Тегтер