Қыр 22, 2021 18:55 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жетекшісімен кездесуінде Иранның жаңа үкіметінің Вена келіссөздерін қайта жалғастыратынын мәлімдеді.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хұсейн Амир Абдуллахиан сейсенбі күні Жозеп Боррельмен кездесуінде Иранның келіссөздердің іс жүзіндегі нәтижелерін күтетініне тоқталып: «Иран уақытты босқа өткізбейді, АҚШ-тың конструктивті емес әрекетін қабылдамайды және  елді бос уәделердің орындалуын күттірмейді»,- деді.  Иран Сыртқы істер министрі Борреллдің келіссөздер  үдерісін қадағалау талпынысына ризалығын білдіріп: «Егер американдықтар Иранға қысым жасау арқылы табысқа жетемін деп ойласа, олар жүз пайыз қателеседі. Иран халқы қысым мен қатерге қатаң жауап беретінін көрсетті»,- деп айтты.

Жозеп Боррель «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының сәтсіздікке ұшырауының ешбір жаққа жақсы болмайтынына сілтеме жасап: «Еуроодақ әрқашан Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуын сынады және бұл мәселеге қатыстың анық ұстаным білдірді. АҚШ-тың жаңа үкіметінің шешімі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу және жаңдандыру үшін жаңа кезеңді ұсындды»,- деді.