Қыр 23, 2021 15:46 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Сауд Арабиясымен екіжақты келіссөз жақсы өтті

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы өткен бірнеше айдың ішінде Иран мен Сауд Арабиясы арасында жүйелі түрде байланыс орнатылып тұрғанын айтып: «Екіжақты тақырыптар жөнінде жақсы келіссөз өткіздік»,-деді.

Хатибзаде Иран мен Сауд Арабиясы келіссөздерінің қазіргі жағдайы туралы соңғы бірнеше айда Бағдадта Сауд Арабиясы үкіметмен бірнеше келіссөз өткізілгенін айтып: «Парсы шығанағының қауіпсіздігі мәселесінде де айтарлықтай ілгерілеушілік болды»,-деді.

Хатибзаде: «Диалог ешқашан тоқтаған емес. Иранда он үшінші үкімет билік басына келгеннен кейін де тиісті деңгейлерде хат алмасылды»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сауд Арабиясының үкіметі ИИР-ның «Аймақ мәселелерін шешу жолы аймақ ішінде. Бүкілаймақтық механизмге қол жеткізуіміз керек» деген жолдауына көңіл аударып, байсалды араса, біз аймақтағы екі маңызды ел, яғни Иран мен Сауд Арабиясы арасында тұрақты қарым-қатынас қалыптастыра аламыз»,-деді.

Тегтер