Қыр 23, 2021 15:53 Asia/Almaty

Иран мен Түркияның Сыртқы істер министрлері Теһранда Иран, Түркия мен Әзірбайжанның үшжақты отырысын өткізуге келісті.

Иран Сыртқы істер министрі  Хұсейн Амир Абдуллахиан Нью-Йоркте Түркия Сыртқы істер министрі  Мевлют Чавушоғлымен кездесіп, аймақта жаңа өзгерістер болайын деп жатқанына тоқталып, екі елдің бұрынғы кезден көбірек кеңесуі қажеттігін айтты.

Амир Абдуллахиан Ауғанстандағы өзгерістер туралы: «Бұл елдегі барлық тараптармен байланыстамыз. Алайда маңыздысы Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнатудың кесімді шешім жолы ретінде біртұтас үкімет құру қажеттігін баса айту болып отыр»,-деді.

Тегтер