Қыр 24, 2021 20:35 Asia/Almaty
  • Иранның Жоғары сот төрағасы: Шанхай ұйымына мүше елдер Ауғанстан халқының қиындықтарын шешуге көмектесулері керек

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Ахмед Мұртазави Мұқаддам жұма күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер жоғары сот төрағаларының бейнеконференция қалыбында өткен он алтыншы отырысында: «Мүше елдерден Ауғанстан халқының қиындықтарын шешуге және адами апаттың алдын алуға көмектесуді сұраймын»,-деді.

Мұртазави Мұқаддам әлемнің бұрыннан да көбірек әділетке зәру екенін айтып: «Зұлымдық, қылмыс, адам өлтіру, азаттықты талап етушілерге террор жасау дүниені жайлап кетті. Кейбір үстемшіл елдердің қылмысы мен айла-шарғысы бақылаушы ұйымдардың көз алдында жасалып жатыр»,-деді.

 

Тегтер