Қыр 24, 2021 22:29 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ-ның әлемдік дағдарыстарды шешуде белсенді рөл атқаруы керектігін баса айтты

Иран БҰҰ-ның әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамасын және осы ұйым Бас хатшысының бейтарап әрі ынсапты ұстанымдарын қолдайды.

БҰҰ Бас ассамблеясының саммитіне қатысу үшін Нью-Йоркке барған Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесуінде осы жайтты баса айтты.

Амир Абдуллахиан: «Қазіргі таңда Палестинадан Сирия, Йемен мен Ауғанстанға дейінгі аймақ басқа кезден көбірек БҰҰ-ның жауапты, ынсапты, байсалды әрі сындарлы рөл ойнауын қажет етіп отыр»,-деп еске салды.

Шындық мынада: соңғы бірнеше онжылдықта әлемді екі қауіпті құбылыс, яғни басқыншылық пен лаңкестік жайлады, бұл үдерістердің жалғасуы көптеген елдерге ауыр зиян тигізді. Иран АҚШ-тың санкцияларына ұшырап, лаңкестік әрекеттерінің нысанасына айналды.     

Сақшылар корпусына қарасты «Құдс» күштерінің бұрынғы қолбасшысы сардар Қасым Солейманиге жасалған террор – соның бір мысалы. Сардар Солеймани аймақта ДАИШ және басқа да лаңкестік топтармен күресте үлкен рөл атқарған еді.

Сардар Солеймани әскери стратег ретінде  АҚШ-тың лаңкестікпен күресу туралы уәждерінің жалған екенін әшкереледі. Осы сардар қарсыласу географиясында белгілеп берген сызықтар АҚШ пен Израильдің аймақты бөлшектеу үшін жасаған жоспарын жеңіліске ұшыратты.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи айтқандай, шәһид Солеймани өмірде де, шәһид болған кезінде де үстемшілдерді жеңіліске ұшыратты.

АҚШ-тың біржақты саясаты, лаңкестік пен экстремизмді қолдауы, халықаралық заңдарға көңіл аудармауы және БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты тақырыпта әлсіз әрекет етуі аймақты дағдарыс жайлаған тұрақсыз ошақтардың біріне айналдырды. Батыс Азияда, әсіресе Ирак, Сирия, Ауғанстан мен Йеменде соңғы онжылдықта болған оқиғалар аймақ халықтарының АҚШ қолдаған лаңкестік топтар мен басқыншылық әрекеттердің құрбаны болғанын көрсетті.

Бұл оқиғалар аймақ халықтары тағдырының бір-бірінен бөлек емес екенін де көрсетті. Қауіпсіздік, лаңкестік, экономика және коронавируспен күресу БҰҰ-ның тікелей араласуымен шешілуі тиіс мәселелер болып отыр.     

Тегтер