Қыр 26, 2021 17:29 Asia/Almaty

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабына қарасты Кавказ және Орта Азия елдері департаментінің басшысы Қазақстандағы "Қазақ радиолары" ЖШС-ын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Борхан Хешмати Иранның Қазақ радиосына берген сұхбатында: "Жүз жылдық қызмет Қазақ радиосының Орта Азия, тіпті Азия құрлығында өте тәжірибелі радиолардың бірі екенін көрсетеді. Біз Иран Телерадио бірлестігі атынан осы радионы 100 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, өзімізді қазақ бауырларымыздың қуанышына ортақ санаймыз",-деді.

Борхан Хешмати: "Қазақстандағы Қазақ радиосының 100 жылдығына орай, екі ел радиолары арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Болашақта бұл құнды құжат қос тарап үшін ізгі ниеттің бастамасы және маңызды әріптестіктің негізі болады",-деп мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабына қарасты Кавказ және Орта Азия елдері департаментінің басшысы: "Қазақ радиосы бұрынғы жылдардағыдай сәтті қызмет етіп, көптеген жетістіктерге жетеді деп үміттенемін",-деді.  

Тегтер