Қыр 26, 2021 22:06 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иранның келіссөзге қатысты түпкілікті шешімінің критерийі – АҚШ-тың іс жүзіндегі қатынасы

Иранның Сыртқы істер министрі: «Иран келіссөздерде америкалықтардың іс жүзіндегі қатынасы негізінде пікір білдіреді»,-деді.

Хұсейн Амир Абдуллахиан сенбі күні кешке Иранға қайтып оралар алдында: «Иран келіссөздерде америкалықтардың іс жүзіндегі қатынасы негізінде пікір білдіреді. Дипломатиялық жолдар және ақпарат арналар арқылы бізге жетіп жатқан АҚШ-тың қарама-қайшы жолдаулары біздің түпкілікті шешіміміздің критерийі болмайды»,-деді.  

Амир Абдуллахиан ИИР сыртқы саясатының байсалдылық, хикмет пен қисынға негізделгенін, ал АҚШ-тың Ақ үйіндегі басшыларды асығыстық пен қисынсыздық жайлап алғанын айтып: «Әлем халықтары Ауғанстанның қазіргі жағдайынан АҚШ-тың осы бұрыс әрі тиімсіз саясатының бір бөлігін көріп отыр»,-деді.

Тегтер