Қыр 27, 2021 20:56 Asia/Almaty
  • Халықаралық ұсыныстарға қарамастан Баку мен Ереван арасындағы шиеленіс жалғасуда

Әзербайжан Президенті мен Армения Премьер-министрінің арасындағы Ресей президентінің арағайындығымен қол қойылған келісімінің бір жылға жақындағанына қарамастан, әзірбайжан мен армян күштерінің кейбір жерлердегі шиеленіс мен қақтығыстарынан екі жақ адамдарының құрбан болуының куәсі болуда.

 

Іс жүзінде, Мәскеудің арағайындығымен Баку мен Ереван басшылары арасындағы ең маңызды бейбітшілік құжатына қол қойылғанына 9 айдан астам уақыт өткеніне қарамастан, жағдай шиеленісіп тұр және бұл аймақта және Әзірбайжан мен Армения шекарасының кейбір жерлерінде атысты тоқтату режимін бұзу жалғасуда. Халықаралық арағайындық жасаушылар барлық күш-жігерін күн тәртібіне қойды. Осыған орай БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің  жақындағы Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерімен жеке кездесуін айтып кетуге болады. БҰҰ Бас хатшысы Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесуі барысында аймақтық ынтымақтастықты арттыру мен Кавказда тұрақты бейбітшілік орнатуға күш салуды жалғастыруға шақырды. Тәжірибе Баку мен Ереван басшыларының өзара міндеттемелері негізінен қағаз жүзінде жазылғанын көрсетті. Екі жақ өзара даулардан басқа, аймақтағы кейбір елдердің ұсыныстарын қабылдайды және орындауда. Сондықтан сарапшылар шетелдік үкіметтердің араласуын атысты тоқтату режимін бұзудың және Әзірбайжан мен Армения арасындағы қазіргі әскери қақтығыстың өршуінің басты себептерінің бірі деп санайды. Мысалы, Әзірбайжан мен Армения арасындағы шиеленіс Нахчиван облысында күшейді. Әзербайжан Зангзур дәлізін іске асыру және Түркияны қосу үшін талпынысын күн тәртібіне қойғаны туралы айтылады. Бұл туралы ТМД-ға мүше мемлекеттер институтының вице-президенті және әскери мәселелер жөніндегі сарапшы  Владимир Евсеев: «Нахчиван-Армения шекарасындағы оқиғалар -   Армения басшыларын Әзірбайжан шарттарына сәйкес келіссөз үстеліне тезірек отыруға мәжбүр ету мақсатты армян қарулы күштеріне қысым жасау»,- деді.

Баку мен Ереван халықаралық қауымдастық алдында Кавказдағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша өзара міндеттемелерді алғанына қарамастан, Әзірбайжан мен Армения шенеуніктері соңғы кезде  көбірек әскери қару сатып алу мен толық қарулану сайысына түсуде. Мысалы, жақында Әзірбайжан  сионистік режим, Түркия мен Пәкістаннан қару сатып алуымен қатар Ресейден қару сатып алуды көздеуде.  Осыған байланысты Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев: «Біз осыған дейін ресейлік қаруды сатып алуға бірнеше сұраныс бердік, сондықтан Ресеймен бұл саладағы ынтымақтастық кеңейіп келеді»»,- деді. Бұл  үдерістің жалғасуы мен Таулы Қарабақ жанжалына қатысушылардың екіжүзді ұстанымы тіпті Ереван үкіметінің кейбір шенеуніктерінің соңғы уақытта бұрыннан келе жатқан бұл даудың шешілуін жоққа шығаруына себеп болды. Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорьян Таулы Қарабақ мәселесін шешілмеген мәселе деп сипаттады. Ол Армения үкіметінің отырысынан кейін: «Таулы Қарабақ қақтығысы әлі шешілген жоқ және ЕҚЫҰ Минск тобы аясында шешілуі тиіс »,-деді.

Баку мен Ереван билігінің қарама-қайшы ұстанымдары екі елдің шенеуніктеріне шетелдік үкіметтердің қатты әсер ететінін және олардың басқа елдердің мүдделеріне негізделген шешімдер қабылдайтынын көрсетеді.