Қыр 28, 2021 19:35 Asia/Almaty
  • Иранның АҚШ мәлімдемесіне реакциясы: Вашингтонның түсінік беруге құқығы жоқ

Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы АҚШ-тың ИИР-ның Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен (АҚХА) ынтымақтастығы туралы мәлімдемесін қабылдамай: «Иранның ядролық нысандарына қарсы лаңкестік әрекеттерді айыптамаған елдердің бұл туралы түсініктеме беру құқығы жоқ»,- деді.

Сейсенбі күні делегацияны бастап,  Мәскеуге келген Мұхаммад Ислами тілшілермен сұхбатында: «Ресей 4+1 тобының мүшесі және келіссөздер кезінде ресейлік топпен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы пікір алмасамыз»,- деп мәлімдеді.

Иран президентінің орынбасары әрі Атом энергиясы ұйымының басшысы Мұхаммад Ислами сейсенбі күні таңертең ресми сапармен Мәскеуге келді.