Қыр 30, 2021 17:37 Asia/Almaty
  • Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: МАГАТЭ лаңкестік топтардың ойыншығына айналмауы керек

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: «МАГАТЭ тәуелсіз халықаралық ұйым ретінде лаңкестік топтардың ойыншығына айналмауы керек»,-деді.

Мұхаммед Ислами «Спутник» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында МАГАТЭ-нің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жуырдағы ұстанымдары туралы: «Ядролық терроризм ешбір негізсіз спутниктік фотосуреттер мен түрлі қағаздар көрсетіп, алауыздық тудыратын тәсілдер қолданып, Иранның ядролық бағдарламасына қарсы айып тағып, дәлелсіз куәлер келтіруден айқын байқалады»,-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: «Иранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта. Уранды байыту межесі бейбіт жобаларды орындауға жеткілікті»,-деді.

Тегтер