Қаз 09, 2021 15:19 Asia/Almaty

37-ші Варшава халықаралық кинофестивалі кеше кешке ирандық фильмдердің қатысуымен Польша астанасында өз жұмысын бастады.

 

Фестивальдің осы кезеңінде Иран, Америка, Ресей, Украина,  Германия, Қытай, Литва мен Польша сияқты елдердің 350-ден астам фильмі 10 күн бойы көрсетіледі.

Ираннан режиссер Амир Азизи түсірген және Навид Мұхаммадзаде мен Пурия Хейдари-Авре продюсерлік еткен «Екі ит» фильмі фестивальдің конкурстық бөлімінде бірінші көрсетілім көрерменге ұсынылады. Сондай-ақ, «Еркін жан» бөлімінде Маздак Мирабедини түсірген «Ұлу адам» фильмі мен деректі туындылардың конкурстық бөлімінде Алиреза Расулинежадтың «Иствуд» фильмі кинофестивальге қатысатын Иран кинематографиясының басқа туындылары болып табылады.

37-ші Варшава халықаралық кинофестивалі 8-17 қазан аралығында өтеді.