Қаз 11, 2021 20:27 Asia/Almaty
  • ЕО ықпалының төмендеуін мойындау

Еуропалық Одақтың АҚШ-пен ынтымақтастығы бұл Одақтың халықаралық аренадағы маңызды ойыншы ретіндегі тәуелсіздігіне күмән келтірді. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель ескерткендей, бұл Одақ саяси құралға айналды.

 

Боррель өз блогында: «Қазіргі кезде еуропалықтардың халықаралық істерде ойыншы емес, құралға айналу қаупі артып келеді. Еуроодақ оқиғаларды қалыптастырудың орнына басқалардың шешімдеріне реакция береді»,- деп жазды. Боррель Еуроодақтың халықаралық аренадағы рөлінің маңызды екенін мойындағанымен, соңғы жылдары бұл блок АҚШ-тың еркіне сәйкес қадам басуда. Еуропалық Одақтың Қытайға, Ресейге және Иранға қатысты ұстанымы осының куәсі.   Еуроодақ өкілдерінің мәліметінше, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Еуропаның соңғы жылдардағы маңызды саяси жетістіктерінің бірі болды. Одақ келісімдегі өз міндеттемелерін орындамады және АҚШ-қа қарсы өзінің әлсіздігін көрсетті. Бұл одақ Instex жүйесін (Иранмен қаржылық айырбас жүйесі) іске қосу шеңберінде өзінің минималды міндеттемелерін де орындай алмады. Басқаша айтқанда, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен Instex мәселесі әлемдегі ең қуатты экономикалардан тұратын Еуроодақтың АҚШ-тың рұқсатынсыз Иранмен сауда жасай алмайтынын көрсетті. Қабілетсіздік Еуроодақтың Иранмен қарым-қатынасында ғана байқалмады, сонымен қатар бұл одақтың Қытай мен Ресейге қатысты саясаты да АҚШ-қа бағынышты болды. Соңғы жылдары Вашингтон өзінің Қытайға қарсы саясатына Еуропаны тартуға тырысты. Еуропалықтарды Қытайдың Шығыс Азиядағы әрекеттеріне қарсы қоюға талпыну, Оңтүстік Қытай теңізі мен Тайвань бұғазындағы АҚШ-тың әскери әрекетін қолдау мен Еуропаның кейбір қытайлық шенеуніктерге қарсы санкциялар енгізу Вашингтонның әрекеттеріне жатады. Американдықтардың еуропалықтарға қарсы біржақты ұстанымы соншалықты алға ілгеріліп, Франция Президенті Эммануэль Макрон АҚШ-тың Австралиямен әскери келісімінен кейін еуропалық әріптестеріне: «АҚШ өз мүддесін көздейді, ал еуропалықтар бұдан сабақ алып, өз қорғанысын өз міндетіне алуы тиіс»,- деді. Мұндай ескертулер еуропалық басшылардың Вашингтонның Қытайға қарсы мақсаттарына жету үшін Еуроодақты құралы ретінде қолдануына алаңдаушылығын көрсетеді. Ресей арасындағы қатынас тұрғысында да Вашингтонның саясатын ұстану  Еуропаға зиян әкелді. Көршілес болу Еуропа мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты бейбітшілік пен тыныштық жағдайында сақтауды талап еткенімен, соңғы айларда АҚШ-тың Ресей істеріне араласуының күшеюі еуропалық мүдделерге әсері тигізді. Осыған орай Еуропа Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Вашингтон-Мәскеу дауының салдарына тоқталып: «ЕО шешім қабылдауда көбірек тәуелсіздікке және жаһандық деңгейде әрекет ету мүмкіндігіне ие болуы керек»,- деді. Тәжірибе еуропалықтардың АҚШ-тан тәуелсіз саясат  жүргізуі немесе, кем дегенде, тәуелділігін төмендетуге еркінін жоқтығын және Жозепп Боррель айтқандай, жақын арада Одақ басқалардың саяси құралы болып қала беретінін көрсетеді.

 

Тегтер