Қаз 12, 2021 15:11 Asia/Almaty

Калифорния штатының Сан-Диего қаласындағы орта мектептің жанындағы тұрғын ауданда шағын ұшақ құлап, бірнеше адам қаза тапты. Өрт сөндіруші баспасөз отырысында апаттан кемінде екі адамның қаза тапқанын айтты. Бірақ өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, қаза тапқандар саны одан да көп болуы мүмкін. Жергілікті биліктің мәлімеітнше, тағы екі адам күйік шалумен ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіру қызметі: «Ұшақтың ішіндегі адамдардың жарақаттары ауыр, сондықтан олардың аман қалмауы мүмкін»,- деді.