Қаз 14, 2021 23:53 Asia/Almaty
  • Путин лаңкестердің Ауғанстанға тасымалданып жатқанын ескертті

Ресей Президенті Владимир Путин өз сөзінде: «Ирак мен Сириядағы лаңкестер Ауғанстанда жиналып жатыр. Олар ТМД елдерінің тұрақтылығына қауіп төндіреді»,-деп баса айтты.

Сол себепті Путин Ауғаннның шекараларын ұдайы бақылап, лаңкестермен күресуге дайын болудың маңыздылығын атап өтті. Ресей Президентінің айтуынша, қажет болған жағдайда бірлескен арнайы амал жасау үшін тәртіп және қауіпсіздік  күштері үйлесе әрекет етуі керек.

Ресей Президентінің лаңкестердің Ауғанстанға тасымалдануына байланысты алаңдауы Мәскеу үшін осы елге қатысты мәселелер азаймақ түгілі, керісінше қазір ондағы тұрақсыз қауіпсіздік жағдайына және ДАИШ тарапынан лаңкестік әрекеттер күшейгеніне байланысты арта түскенін көрсетеді. Мұнымен қоса, ДАИШ-ке қосылу үшін лаңкестердің Сирия мен Ирактан Ауғанстанға тасымалданып жатқаны туралы түрлі хабарлар таралды. Қазіргі таңда әл-Каиданың Ауғанстанда қайта күшейіп кету ықтималы бар.

Осы мәселелердің барлығы Ресей мен Орта Азия елдерінің қазір басқа жерден көбірек лаңкестердің Орта Азияға, ал одан Ресейге еніп, әрекет етуінен туындайтын қауіпсіздік мәселелеріне алаңдауына себеп болды. Осыған орай Путин АҚШ күштері шыққаннан кейінгі Ауғанстандағы жағдайды лаңкестік топтар, әсіресе ДАИШ-тың әрекеттеріне байланысты ауыр әрі күрделі деп сипаттады.  

АҚШ пен НАТО күштерінің Ауғанстаннан шығатыны жарияланғаннан кейін Вашингтон Ауғанстандағы лаңкестік қатерлермен күресу үшін Орта Азиядағы базаларды өз ықтиярына алғысы келді. Әрине бұл қалау Мәскеу мен Орта Азия елдерінің қатаң қарсылығына ұшырады.

Бұдан бұрын Ресейдің түрлі лауазымды тұлғалары, соның ішінде Қорғаныс министрі Сергей Шойгу АҚШ-тың Орта Азия елдерінде логистикалық кешендер салуға талпынып жатқаны туралы ескертіп, оны аймақтық тұрақтылық үшін қатер деп атады.

АҚШ әрдайым ДАИШ-ты өзінің бәсекелестері, яғни Ресей мен Қытайға қарсы құрал ретінде пайдалануды мақсат тұтты. АҚШ Ауғанстанның Қытай және Орта Азиямен көршілес екенін ескеріп, Ресей мен Қытайға қысым жасап, олардың қауіпсіздігіне түйткіл тудыру үшін ДАИШ-ке қолдау көрсетіп, лаңкестерді Ауғанстанға тасымалдауға көмектесіп жатыр.  

Тегтер