Қаз 15, 2021 15:18 Asia/Almaty
  • Иран  мен Ресейдің экономикалық қарым-қатынасын дамыту жолындағы кедергілерді жою мәселесі талқыланды

Иран-Ресей сауда кеңесі Мәскеуде екіжақты экономикалық қарым-қатынасты дамыту жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған шешім жолдарын талқылап, өзара сауданы арттыру үшін жиналыс өткізді.

Осы отырыста Иран мен Ресей сауда палаталарының мүшелері құрылымдық кедергілер, әсіресе темір жол, тас жол және теңіз жолы тасымалына қатысты кедергілерді жою жолдары және екі елдің экономикалық байланысына айтарлықтай серпіліс беруге талпыныс жасау туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ аталмыш кеңес мүшелері Иран мен Ресей арасындағы  сауда айналымының жағдайын сынап, екі елдің экономикалық байланысын дамытуға кедергі болып отырған мәселелерді шешуді сұрады.  

Тегтер