Қаз 15, 2021 16:10 Asia/Almaty
  • Швейцария Парламентінің төрағасы: Ирандықтар өздерінің ирандық екенін мақтан тұтуға қақылы

Швейцария Парламентінің төрағасы Йезд облысының әкімімен кездесуінде: «Ирандықтар өздерінің ирандық екенін мақтан тұтуға қақылы»,-деді.

Иранның оңтүстігіндегі Йезд облысының әкімі Меһран Фатеми Швейцария Парламентінің төрағасы Андреас Аэбимен кездесуінде: «Иранда табиғи байлық мол. Қазіргі таңда зұлым санкциялар қиындық тудырып отыр. Егер бұл түйткіл жойылса, түрлі салаларда белсендік жасап, үлкен жетістіктерге жетуге болады»,-деді.  

Йезд облысының әкімі: «Түрлі дін өкілдерінің тату тіршілігі – Ирандағы осы облыстың мәдени ерекшеліктерінің ең маңызды дәлелі»,-деді.

Андреас Аэби осы кездесуде ирандықтардың өздерінің ирандық екеніне мақтана алатынын айтып: «Иранның аймақтағы қазіргі айбыны мен қауіпсіздігі – азаттықты сүйетін халықтар үшін үлкен мақтаныш. Ирандықтар мұны жақсы түсінеді»,-деді.    

Тегтер