Қаз 16, 2021 21:42 Asia/Almaty
  • Путин: Ауғанстанның солтүстігі 2 мыңнан астам ДАИШ лаңкестерінің баспанасына айналды

Ресей Президенті Ауғанстанның солтүстігі ДАИШ-тың 2 мыңнан астам лаңкесінің баспанасына айналғанын және олардың Орталық Азиянің бүкіл аймақатырна шабуыл жасағысы келетінін айтты.

Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша,  Владимир Путин  жұма күні бірнеше лаңкестік топтардың, олардың ішінде ДАИШ пен әл-Қаиданың Ауғанстанның солтүстігінде жасырынып жатқанын және олардың басшыларының Орталық Азия аймағына қарсы шабуылдарын күшейткісі келетіндерін айтты.   Путин бұдан бұрын да ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың мүшелерінің Ауғанстанға ауысуы және бұл елдің шекарасын үнемі бақылауды, сондай-ақ террористермен күресуге дайындық қажеттігі туралы ескерткен.

 

Тегтер