Қаз 19, 2021 17:40 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Ынтымақтастығы Ұйымын Ауғанстанда белсендірек рөл атқаруға шақырды

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Юсеф Аль-Усманмен телефон арқылы сөйлесіп, соңғы уақытта Құндыз бен Қандағардағы екі мешітте намазхандарға қатыгез шабуыл жасаған ДАИШ-тың лаңкестік және қылмыстық әрекеттеріне сілтеме жасай отырып, ұйымның Бас хатшысы мен барлық мүшелерін адамгершілікке жат әрекеттерді айыптауға шақырды.

 

 

Ауғанстан халқы АҚШ-тың 20-жылдан астам соғыс жүргізу саясатының құрбанына айналды және қазір АҚШ-тың қолдауымен Ауғанстанға енген ДАИШ лаңкестік қылмыстарының нысанасы болып отыр. Соңғы айларда ДАИШ шиіттер мен сүнниттер арасында алауыздық тудыру мақсатында шиіт мешіттерін нысанаға алды. Қандағардағы шиіттердің ең үлкен Фатемие мешітіне жасалған лаңкестік әрекетте 40-тан астам адам қаза тауып, 70 адам жарақат алды. Бұл террористік шабуыл үшін жауапкершілікті ДАИШ өз мойнына алды. Бұл Ауғанстандағы бірінші лаңкестік әрекет емес. Бірінші жарылыс Ауғанстанда Талибан билігінің екінші аптасында Кабул әуежайының маңында болды. ДАИШ-тың Хорасан бөлімшесі шабуылды өз мойнына алды. Шабуылда балалар мен әйелдерді қосқанда 200-ге жуық адам қаза тапты. Иран бұл қылмыстарды айыптап, осы террорлық оқиғалардың жалғасуына алаңдаушылық білдірді.

Талибан уақытша үкіметінің ДАИШ лаңкестік әрекеттерімен бетпе-бет келуіндегі сәтсіздікке ұшырауы және Ауғанстандағы қылмыстық әрекеттің жалғасуы кезінде, әрине, байыпты түрде шешілуі тиіс басты мәселе. Тағы бір маңызды мәселе - Ислам әлемі мен ИЫҰ-на мүше елдердің жауапкершілігі. Ислам елдері өздерінің елеулі әлеуетіне қарамастан, лаңкестік пен ДАИШ-қа қарсы тиімді әрекет еткен жоқ. Ауғанстан АҚШ-ты басып алған 2001 жылдан осыдан бірнеше ай бұрын АҚШ бұл елден шыққанға дейін Ауғанстан халқы Ақ үйдің және НАТО-ның қатысуы мен шытырман оқиғасының құрбандары болды.  Қазіргі уақытта ауған халқының жағдайы өте алаңдатарлық және барлық саяси және этникалық-діни топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі қатты сезілуде. Осындай қиын жағдайда ИИР өзін Ауғанстан халқының қасындамын деп   тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық жағынан көмектесуге және ынтымақтастық жасауға дайын. ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлескенде Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді және БҰҰ Бас хатшысын Ауғанстандағы лаңкестікті тоқтату және онымен күресу үшін шаралар қолдануға шақырды. Иран Сыртқы істер министрінің БҰҰ басшылары және ИЫҰ Бас хатшысымен байланыстары, сондай-ақ  ұйымдары мен исламдық елдердің Ауғанстандағы белсенді рөлін қолдауға баса назар аударуы бұл мәселенің аймақтық және халықаралық деңгейдегі маңыздылығын еске салады.  

 

 

Тегтер