Қаз 20, 2021 17:59 Asia/Almaty
  • Тахтраванчи: Израильдің қылмысы жазасыз қалмауы тиіс

Иранның БҰҰ-дағы елшісі: "Израиль режимі басып алынған Палестина жерінде халықаралық адам құқығы мен гуманитарлық құқықтарды бұзғаны үшін жауап беруі керек. Мұндай қылмыстар жазасыз қалмауы тиіс",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Маджид Тахтраванчи сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Батыс Азияның жағдайын талқылауға арналған отырысында: "Палестинаның қазіргі жағдайы алаңдатарлық. Мұндай жағдайдың жалғасуы халықаралық қауымдастықты қатты алаңдатып отыр",-деді. 

Иранның БҰҰ-дағы елшісі Палестина халқының 70 жылдан аса уақыт бойы жабайы басқыншылықтан зардап шегіп жатқанын айтып: "Израиль басқыншы күш ретінде Палестина халқына қарсы бүлдіргі əрекеттері мен экспансиялық саясатын күшейтіп, бейбіт халық, соның ішінде балалардың қаза болуына себеп болып отыр",-деді.

Тахтраванчи Газа секторын қоршауды жалғастыруды жазықсыз адамдарды жаппай жазалау екенін айтып: "Бұл - барлық халықаралық заңдар мен ережелерді бұзатын айуандық əрекет",-деді.

Тегтер