Қаз 24, 2021 22:55 Asia/Almaty
  • Қалибаф ислам елдері парламенттерінің төрағаларын Алла елшісінің (с.ғ.с) туған күнімен құттықтады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы ислам елдері парламенттерінің төрағаларына жеке-жеке хат жолдап, Алла елшісінің (с.ғ.с) туған күнімен құттықтады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф ислам елдері парламенттерінің төрағаларын Алла елшісі хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған күнімен құттықтады.  

Қалибафтың хатында: "Ислами тағылымның саясында Құран Кәрім мен пайғамбардың сүннетіне сүйене отырып, ислам үмбетінде тілеулестік пен бауырластық нығайып, мұсылман елдері арасында достық қатынастың одан ары күшейе түскеніне куə болармыз деп үміттенемін",-деді.

Тегтер