Қаз 25, 2021 17:11 Asia/Almaty
  • Трамп: АҚШ іштей ыдырап жатыр

АҚШ-тың бұрынғы президенті мигранттарға қарсы жанжалды сөздерін жалғастырып, оларға тіл тигізіп, елде шекара дуалын салу жобасының қайта басталуын талап етіп: "АҚШ іштей ыдырап жатыр",-деді.

Дональд Трамп шекарадан заңсыз өтіп жатқан мигранттардың АҚШ-ты улайтынын айтып: "АҚШ президенті Джо Байден кезінде тоқтатылған шекара дуалын салу жобасының қайта басталуын талап етемін",-деді.

Трамп миллиондаған адамның заңсыз жолмен АҚШ-қа кіретінін, олардың көбінің басқа елдердің түрмелерінен қашқан қауіпті қылмыскер екенін айтты.

Мексикамен шекарадағы дуал "Трамп мұрасы" деген атпен танымал. Трамп мигранттарға қарсы саясатын ілгерілету үшін 2019 жылы армия мен Пентагон бюлжетінің бір бөлігін осы дуалды салуға жұмсады.

Тегтер