Қаз 26, 2021 02:33 Asia/Almaty
  • Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Израильдің қоқан-лоққыларына жауап берді

Соңғы күндері Израиль режимінің Иранға қарсы арандатушы сөздер айтып, авантюристік қоқан-лоққылар жасауы арта түсті. Бұл режимнің осы саладағы ең жаңа лепірме сөзі - Иранға қастық əрекеттер жасау үшін бюджет бөлу.

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Əли Шамхани Твиттердегі жеке парақшасында осы қоқан-лоққыға реакциясында: "Сионистік режим Иранға қарсы 1,5 млрд доллар бюджет бөлгеннің орнына Иранның ауыр қарымта соққысынан туындайтын қирандыларды қайта жөндеуге ондаған мың миллиард доллар бюджетті қамтамыз ету туралы ойлағаны дұрыс",-деді.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Нафтали Беннет АҚШ-қа соңғы сапарында осы елдің президенті Джо Байденмен кездесуінде Иранға қарсы жаңа стратегия ұсынды. Сионистік басшылар бұл стратегияны "Мың жарақатпен өлу" деп атады. Стратегия бір үлкен шабуылдың орнына түрлі салаларда көптеген ұсақ шаралар, соның ішінде əскери жəне дипломатиялық шаралар атқару арқылы ИИР-мен күресуді қамтиды. 

Осы орайда екі маңызды жайтты айта кету керек:

Біріншіден, Израиль əрекеттері халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу болып табылады. БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесі осындай заң бұзушылықтарға көңіл аударуға міндетті.ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи жуырда Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік басшысына жазған хатында: "Израильдің  БҰҰ-ның басты мүшелерінің біріне қарсы ашық жəне жүйелі түрде қоқан-лоққы жасауы халықаралық заңдарды, əсіресе БҰҰ Жарғысының 2 (4) бабын ашық түрде бұзу болып табылады",-деді.

Екіншіден, Израиль режимінің Иранға қарсы кез келген қате есебі мен ықтималды əскери авантюрасының салдарына көңіл аудару керек. Осы арада сионистерді алаңдатып отырған нəрсе - АҚШ-тың Иранға барынша қысымды жалғастыруда тығырыққа тірелуі. Шын мәнінде АҚШ үшін Иран халқының құқықтарын қабылдағаннан басқа амал қалмады. Сондықтан егер Израиль қайталамалы сценарийлерімен өзінің бұрынғы алтын дəуіріне қайтып ораламын деп ойласа, есептеуде үлкен қателікке ұшырайтыны анық. Израиль үшін Иранның əскери айбынын сынау - үлкен тəуекел. Бұл Израильдің жойылуымен бірдей.

ИИР ешбір басқыншылық əрекетке төзбейтінін дəлелдеп, олардың шағын қателігінің өзіне қатаң жауап беретінін көрсетті. Сақшылар корпусының Ирактағы Эйн-ул-Асад америкалық базасына зымырандық шабуылы осының бір мысалы ғана. Бұл америкалықтардың Қасым Солеймани мен Абу Махди əл-Мұхандеске террор жасап, шəһид еткеніне жауап болды.

Nur News сайты осы жайлы былай деп жазды:

Израильдің Иранға қарсы əскери əрекет жасауға қауқары да, қайраты да жетпейді, өйткені мұндай бассыз əрекет осы режимге жан-жақты шабуыл жасап, ең қысқа мерзімде оның əскери жəне экономикалық инфрақұрылымын түгел жоюға жағдай жасайды.

Шындық мынада: Израильдің басқыншылықтарына жауап беру аймақта жаңа теңгерім тудырды. Бір кездері Израиль кез келген елге еркін басқыншылық жасап, қарсылық көрмей келген. Енді ол заман келмеске кетті.

Тегтер