Қаз 26, 2021 20:08 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Түркіменстанның бірлескен ынтымақтастығы туралы құжат қайта қаралуда

Иран Сыртқы істер министрі Түрікменстан Сыртқы істер министрімен кездесуінде екі елдің 100-ден астам ынтымақтастық құжаты бар екеніне тоқталып, екі елдің ортақ ынтымақтастық құжатын қайта қаралуын жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Хұсейн Амир Абдуллахиан сейсенбі күні түркімен әріптесі  Рашид Мередовпен өткізген бірлескен баспасөз отырысында: «Екі ел арасында түрлі салада 100-ден астам ресми құжатқа қол қойылды»,- деді. Әмір Абдуллахиан түркімен әріптесімен өткен бүгінгі келіссөздеріне сілтеме жасап: «Коронавирус эпидемиясы толқынының төмендегені және барлық жүк тасымалдаушы жүргізушілердің вакцинациялануына байланысты транзиттік жолды қайта ашу және екі елдің жүк көліктерін ортақ төрт шекарадан қатынасы туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, су және электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық және екі жақтың барлық мүдделі салаларында келісімге қол жеткізілді, біз Сарахс және Гонбад арқылы Түркіменстаннан газды импорттаймыз»,- деп мәлімдеді.

Тегтер