Қаз 28, 2021 16:05 Asia/Almaty
  • Ауғанстан мəселесін шешудің жалғыз жолы - барлық топ өкілдерінің қатысуымен үкімет құру

Ауғанстанға көршілес елдердің Сыртқы істер министрлері Теһран отырысының соңында ортақ мəлімдеме жасап: "Ауғанстан мəселесін шешудің жалғыз жолы - барлық топ өкілдерінің қатысуымен бүкілхалықтық саяси құрылым құру",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран отырысына қатысқан Сыртқы істер министрлері ортақ мəлімдемеде халықаралық құқықта қабылданған принцип бойынша Ауғанстан халқының бейбітшілік пен тұрақтылыққа жету арманына құрметпен қарайтынын еске салып, тұрақты, дамыған, əл-ауқаты жақсарған жəне көршілес елдермен үйлесімді байланысы бар Ауғанстанға куə болармыз деп үміт білдірді.

Мəлімдеменің жалғасында Ауғанстандағы саяси-əскери, əлеуметтік-экономикалық жəне гуманитарлық жағдайдың күрделілігіне алаңдаушылық білдірілді.

Сыртқы істер министрлері Ауғанстанда барлық топ өкілдерінің қатысуымен бүкілхалықтық саяси құрылым құру қажеттігін айтып, көршілес елдердің Ауғанстанға бейбітшілік, тұрақтылық пен ұлттық бірлікке қол жеткізу үшін мықты қолдау көрсетуі керегін баса айтты.

Ауғанстанға көршілес елдер мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері отырысының мәлімдемесінде халықаралық қауымдастық пен жəрдемдесуші мемлекеттерден ауғандық босқындарды қабылдайтын елдер, соның ішінде ИИР, Пәкістан мен басқа көршілес елдерге тұрақты түрде жəне жеткілікті көлемде қаржылай көмек беру сұралды.

Тегтер